Стенд ату: Александр Мухамедиев Азиадада 6-сатыға тұрақтады💥🇰🇿
Аичи-Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында стенд атудан ерлер арасындағы скит бағдарламасының жекелей сайысындағы финалдық кезең аяқталды.
Қазақстан атынан сынға түскен Александр Мухамедиев 6-орыннан көрініп, финалды 19 ұпаймен аяқтады.
Жүлдегерлер:
🥇 Рашид Салих Хамад Әл-Атба (Катар) — 34 ұпай
🥈Люй Цзяньлинь (Қытай) — 33 ұпай
🥉Ли Мэн Юань (Тайпей) — 29 ұпай.
Еске сала кетейік, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.
.
Стендовая стрельба: Александр Мухамедиев стал шестым на Азиаде-2026
На XX летних Азиатских играх в Японии состоялся финал соревнований по стендовой стрельбе в дисциплине «скит» среди мужчин.
За медали в числе 8 претендентов боролся наш Александр Мухамедиев, который в итоговом протоколе занял 6-место. Чемпионом игр стал катарский спортсмен, серебро у Китая, бронза у Тайпея.
📸Нұрғали Жұмағазы