Новости

СПОРТТЫҚ АТУДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕНДЕР 4 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ!

СПОРТТЫҚ АТУДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕНДЕР 4 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ!

2026 жылғы 24 маусымда спорттық атудан Қазақстан құрама командасы 4 медаль жеңіп алды, оның ішінде: 2 алтын, 2 күміс.

Қыздар арасындағы «25m standard pistol» жаттығуы бойынша жеке сында Астана қаласының өкілі Жақия Асылым алтын медаль иеленді!

Әйелдер арасындағы «трап» жаттығуында Қазақстан құрамасы тарихи командалық алтын медальға қол жеткізді. Команда құрамында: Милана Папчихина, Элеонора Ибрагимова және Мария Горун өнер көрсетті.

Жасөспірімдер арасындағы «50m rifle 3 positions» жаттығуы бойынша Шымкент қаласының өкілі Ринат Казаченко күміс медаль жеңіп алды!

Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы 16–26 маусым аралығында Германияның Зуль қаласында спорттық атудан Әлем чемпионаты өтуде. Дүниежүзінің 63 елінен 778 спортшы қатысып жатқан байрақты бәсекеде Қазақстан намысын еліміздің 26 үздік мергені қорғауда. Әлем біріншілігінің жүлделері жеке және командалық бағдарламалар бойынша сарапқа салынады.

Құттықтаймыз 🥇🥇🥈🥈🇰🇿🎉!!!

Қазақстанның көк Туы әрдайым биікте желбірей берсін! 🇰🇿🏆🥇🎉

Последние фотографии

Последние видео