София Шульженко әлем және Азия рекордын жаңартып, Делиде 2 алтын медаль жеңіп алды
Нысана көздеуден Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатында Ұлттық құрама қоржынына 2 алтын медаль түсті.
Әйелдер арасында 3 позицияда 50 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуде жекелей сында София Шульженко жеңімпаз атанды. Ол үздік 8 мерген іріктелген финалда 358.2 ұпай жинап, рекорд жаңартты. Енді отандасымыз — осы жаттығуда ересектер және жасөспірімдер санатында әлем мен Азия рекордының иесі. Мұнда күміс пен қола Үндістан спортшыларының еншісінде.
Ұлттық құрама спортшылары — София Шульженко, Арина Малиновская мен Елизавета Безрукова ақтық сында өнер көрсетіп, жалпы есепте 1-орын алды. Осылайша, биылғы құрлық додасында әйелдер командасы толық басымдық көрсетті. Олардың жалпы көрсеткіші — 1760 балл.
Айта кетейік, бәсеке 3 жас санатында (ересектер, жастар, жасөспірімдер) өтіп жатыр. Биыл Дели қаласында құрлықтағы 20 елден жиналған 320 спортшы жүлдеге таласады. Қазақстан құрамасы сапында 3 жас санатында 47 мерген аттанды. Қазақстан ересектер құрамасының бас бапкері — Ольга Довгун. Сары құрлық бәсекесі 13 ақпанда мәресіне жетеді.
—
София Шульженко завоевала два золота в Дели, обновив мировой и азиатский рекорды
В индивидуальных соревнованиях среди женщин в упражнении «пневматическая винтовка, 50 метров, 3 позиции» победу одержала София Шульженко. В финале, куда отобрались восемь лучших спортсменок, она набрала 358,2 очка и обновила рекорд. Таким образом, казахстанская спортсменка стала обладательницей мирового и азиатского рекордов в этом упражнении среди взрослых и юниоров. Серебряную и бронзовую медали завоевали представительницы Индии.
В командных соревнованиях национальную сборную представили София Шульженко, Арина Малиновская и Елизавета Безрукова. По итогам финала казахстанские спортсменки заняли первое место в общем зачёте, набрав 1760 баллов.