🔷 Шымкенттік мерген Ирина Юнусметова Париж Олимпиадасы лицензиясының иегері атанды
🔷 Бүгін халықаралық нысана көздеу (ISSF) барлық Әлем Кубогының кезеңінен кейін Олимпиадалық рейтингін жаңартты. Соның нәтижесінде Ирина Юнусметова Париж ойындарының лицензиясына қол жеткізді.
🔷 Ұлттық құрама спортшысы қайта үлестіру кезеңінде 10 метрден тапаншамен нысана көздеуде жолдамаға иелік етті.
🔷 Бұл еліміздің спорттық ату федерациясының еншісіндегі 9-шы лицензия. Осыған дейін Ислам Сатпаев, Константин Малиновский, Александра Ле, Арина Алтухова, Никита Чирюкин (нысана көздеу); Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко мен Мария Дмитриенко (стенд ату) Парижге барар билетке иелік еткен. Осы қатарда Әсем Орынбай мен Ирина Юнусметованың лицензиясы жеке спортшының өзіне тиесілі. Қалғаны федерацияға берілген квота.
🔷 Ал жалпы Қазақстан еншісіндегі лицензия саны 67-ге жетті.