ШЫМКЕНТТІК МЕРГЕН — АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!
🔷 Бүгінгі жарыс күні Қазақстан ұлттық құрамасы үшін сәтті басталды. Командалық «скит» жаттығуы бойынша ұлттық құрама жоғары нәтиже көрсетіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.
🔷 Аталған жеңіске Шымкент қаласының спортшысы Хайлова Ольга айрықша үлес қосты. Оның сәтті өнер көрсетуі ел мерейін үстем етіп, ұлттық құраманың жеңісін қамтамасыз етті.
🔷 Айта кетейік, стенд атудан Азия чемпионаты 2026 жылғы 11–22 қаңтар аралығында Катар мемлекетінің Доха қаласында өтуде. Беделді бәсекеге 20-дан астам елдің таңдаулы спортшылары қатысып, өзара мықтыны анықтауда.