Новости

ШЫМКЕНТТЕ СТЕНД АТУДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КУБОГІНІҢ I-ШІ КЕЗЕҢІ МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ!

ШЫМКЕНТТЕ СТЕНД АТУДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КУБОГІНІҢ I-ШІ КЕЗЕҢІ МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ!

2025 жылғы 10-16 наурыз аралығында Шымкент қаласы «Shymkent Shooting Plaza» спорттық кешенінде cтенд атудан Қазақстан Республикасы Кубогының  I-ші Кезеңі мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты  өткізілуде.

Жарысқа Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, сонымен қатар Алматы, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстарынан 150-ден астам спортшылар қатысуда.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Аманжолұлы қатысты, спортшылардың жоғары нәтижелерін және ату спорты түрлерінің жақсы дамуын айта кетті, спортшыларға сәттілік тіледі.

Бұл жарыста Азия ойындары, Азия Чемпионаттары мен халықаралық спорттық ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері өз шеберліктерін көрсетуде.

Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Последние фотографии

Последние видео