Новости

ШЫМКЕНТТЕ СТЕНД АТУ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ VI-ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ/ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ!

ШЫМКЕНТТЕ СТЕНД АТУ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ VI-ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ/ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ!

Салтанатты ашылу рәсімінде Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Қалмұхамедұлы спортшыларды құттықтап, спорт саңлақтары әрдайым ел үмітін ақтап, түбекке жүлделі орындарға жетуге тілектеспім.

2023 жылғы 24-30 шілде аралығында Шымкент қаласында «Shymkent Shooting Plaza» ату кешенінде Стенд атудан Қазақстан Республикасының VI-жазғы Спартакиадасы/ Жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтуде, жарысқа Қазақстанның 6 өңірінен: Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, Алматы, Қызылорда және Павлодар облыстарынан 100-ден астам спортшы қатысуда.

Спортшылар 8 жаттығу бойынша бақ сынасуда:

4 жаттығу жеке сынақ-дөңгелек стенд, траншеялы стенд, спортинг және дубль-трап;

2 жаттығу командалық сынақ-траншеялық стенд, дөңгелек стенд;

2 аралас жаттығулар — «скит/микс», «трап/микс».

Стенд атудан Қазақстан Республикасының VI-жазғы спартакиадасында спортшылар ерлер мен әйелдер санаттарында жарысады.

Стенд атудан Қазақстан Республикасының чемпионатында жасөспірімдер, қыздар санаттарында сайысқа түседі.

24 медаль жиынтығы ойнатылады.

Жоғары жетістіктер мен нәтижелер тілейміз!

Генеральные партнёры:
—  АО «Самрук – Казына» @samrukkazyna_official
—  Фонд поддержки «Sport Qory» @sportqory

Последние фотографии

Последние видео