Новости

ШЫМКЕНТТЕ СТЕНД АТУ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ!

ШЫМКЕНТТЕ СТЕНД АТУ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ!

2023 жылғы 26 тамыз бен 01 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында  «Shymkent Shooting Plaza» ату кешенінде Стенд атудан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтуде, жарысқа Қазақстанның 9 өңірінен: Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, Алматы, Жетісу, Қызылорда, Қостанай,   Павлодар және Түркістан облыстарынан 120-дан астам спортшы қатысуда.

Спортшылар 8 жаттығу бойынша бақ сынайды:
✔️4 жаттығу жеке сынақ-дөңгелек стенд, траншеялы стенд, спортинг және дубль-трап;
✔️2 жаттығу командалық сынақ-траншеялық стенд, дөңгелек стенд;
✔️2 аралас жаттығулар — «скит/микс», «трап/микс».

Стенд атудан Қазақстан Республикасының чемпионатында ерлер мен әйелдер, жасөспірімдер мен қыздар санаттарында сайысқа түседі.

32 медаль жиынтығы ойнатылады.

Жоғары жетістіктер мен нәтижелер тілейміз!

Бұл іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсетушілер:
—  Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігі;
—  Бас серіктес — «Самұрық – Қазына» АҚ @samrukkazyna_official
—  «Sport Qory» қолдау қоры @sportqory
—  Спортты дамыту дирекциясы
—  Шымкент  қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы;
—  «Қазақстандық спорттық ату федерациясы» ҚБ

Последние фотографии

Последние видео