ШЫМКЕНТТЕ СПОРТТЫҚ АТУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ!
2025 жылғы 16-30 тамыз аралығында Шымкент қаласында «Shymkent Shooting Plaza » ату клубында спорттық атудан Азия Чемпионаты өтеді, оған 40 елден 1500-ден астам спортшы қатысады!
Жарыстың мақсаты мен міндеттері:
✔ ️ Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде атыс спортын танымал ету;
✔ ️ спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру;
✔ ️ спортшылардың рейтингін анықтау;
✔ ️ жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру.
Ұйымдастырушы:
— «Қазақстан спорттық ату федерациясы» ҚБ
Аталған іс-шара
— Бас серіктес — «Самұрық-Қазына» АҚ @samrukkazyna_official;
— «Sport Qory» қолдау қоры @sportqory
қолдауымен ұйымдастырылуда.