ШЫМКЕНТТЕ ОҚ АТУДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ!
2023 жылғы 10-22 қазан аралығында Шымкент қаласында КСРО Спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған оқ және стенд атудан ХХХI Гран-при халықаралық турнирі өтуде.
Республикамыздың ату спортының даму тарихында бұл турнир 32-ші рет өткізіліп, еліміздің Тәуелсіздігімен қатар қадам басып келеді. 2018 жылдан бері турнир ISSF Спорттық ату түрлерінен Халықаралық Федерациясының күнтізбелік жоспарына енгізілген.
Бұл жарысқа әлемнің 5 елінен: Ресей Федерациясынан, Өзбекістан, Қырғызстан, Италия және Қазақстан Республикасының Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Қостанай, Қызылорда облыстарынан 200-ден астам спортшы қатысуда.
Бұл жарыста Олимпиада ойындарының қатысушылары, Азия ойындары және Әлем мен Азия Чемпионаттары, халықаралық спорттық ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері өз шеберліктерін көрсететін болады.
Жарысты ұйымдастырушылар мен қолдаушылар:
— Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі
— Шымкент қаласының әкімдігі
— Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы
— «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ @samrukkazyna_official
— «Спорттық ату түрлерінен Қазақстан Федерациясы» ҚБ @sportqory