Новости

Шымкент қаласында Shymkent Shooting Plaza кешенінде стенд атудан Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасы басталды.

Шымкент қаласында Shymkent Shooting Plaza кешенінде стенд атудан Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасы басталды.

Шілденің 30-ына дейін созылатын бәсекеге еліміздің 6 өңірінен (Астана, Алматы, Шымкент қаласы, Алматы, Қызылорда және Павлодар облысынан) 100-ден астам спортшы қатысып жатыр.

Олар 8 жаттығу бойынша бақ сынайды:

— жекелей сында 4 жаттығу (дөңгелек стенд, траншеялы стенд, спортинг және дубль-трап);
— командалық 2 жаттығу (траншеялы стенд, дөңгелек стенд);
— аралас сында 2 аралас жаттығу (скит/микст, трап/микст).

Стенд атудан Спартакиада биылғы Қазақстан чемпионатының орнын басады. Апта аяғына дейін барлығы 24 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

*****

В Шымкенте стартовала VI летняя Спартакиада РК по стендовой стрельбе! В соревнованиях принимают участие более 100 спортсменов из 6 регионов: Астаны, Алматы, Шымкента, Алматинской, Кызылординской и Павлодарской областей.

Спортсмены соревнуются в 8 упражнениях:
4 упражнения в личном зачете – круглый стенд, траншейный стенд, спортинг и дубль-трап;
2 упражнения в командном зачёте – траншейный стенд, круглый стенд;
2 смешанных упражнения – скит/микст, трап/микст.

На VI летней Спартакиаде Республики Казахстан по стендовой стрельбе спортсмены (муж, жен) разыгрывают 24 комплекта медалей.

Генеральные партнёры:
—  АО «Самрук – Казына» @samrukkazyna_official
—  Фонд поддержки «Sport Qory» @sportqory

Последние фотографии

Последние видео