Новости

ОЛИМП ЖОЛЫ: АЛЕКСАНДРА ЛЕ

ОЛИМП ЖОЛЫ: АЛЕКСАНДРА ЛЕ

Төрт жылдықтың басты додасы – Париж Олимпиадасының басталуына санаулы айлар қалды. Қазіргі таңда ұлттық құрама спортшылары Олимпиадаға жолдама беретін лицензиялық турнирлер мен рейтингтік додаларға қатысып, ұлттық құрама қоржынын мейілінше көп жолдамамен толықтыруға бар күш-жігерін салып жатыр. Ал Париждегі осы жылдың басты бәсекесіне лицензия алып қойған отандастарымыз жеке бағдарлама бойынша шеберліктерін шыңдап, маңызды жарысқа тыңғылықты дайындалуда.

Ұлттық құрама сапынан Париж Олимпиадасына лицензия жеңіп алған спортшының бірі – оқ ату спортының өкілі Александра Ле. Отандасымыз Джакартада (Индонезия) өткен оқ атудан лицензиялық Азия чемпионатында Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. 50 метрден пневматикалық винтовкадан оқу ату жарысының финалында Александра Ле жетінші орынға табан тіреп, құрама қоржынына кезекті Олимпиада лицензиясын салды.

«Бұл – мен үшін күтпеген жаңалық болды. Олимпиадаға жолдама жеңіп алғанымды ең бірінші бапкерімнен білдім. Ол финалдан кейін мен лицензия жеңіп алғанымды айтпағанда, білмес едім. Қуанышты жаңалықты естігенде қатты таң қалдым», — деп Александра сол кездегі эмоциясымен бөлісті.

Кейіпкеріміз кәсіби спортпен 2017 жылдан бері айналысып келеді. Оның бұл спорт түрімен шұғылдануына сыныптасы себепші болған. Оқ ату спортының жаттығуына бармай тұрып Александра мұндай кәсіби спорт түрі бар екенін білмеген. Жас спортшының спорттағы алғашқы қадамдары сәтті басталған соң, ол бұл спорт түрімен шындап айналыса бастаған.

«Мен бұл спортқа келгенде Олимпиадаға қатысуды, ең үздік нәтиже көрсетуді армандап, өз алдыма мақсат қоя бастадым. Егер сіз өз күшіңізді толық көрсете алсаңыз, міндетті түрде жеңіске жетесіз. Мен бой түзеп, сол сияқты болғым келетін жалғыз адам бар, ол – менің жаттықтырушым. Яғни, ұлттық құраманың бас бапкері – Ольга Довгун. Мен онымен жұмыс істеу үшін Ұлттық команда қатарына қатты қосылғым келді. Мен Ольга Довгунмен бірге жұмыс істегенді жақсы көремін», — дейді спортшы.

Последние фотографии

Последние видео