Новости

Олег Носков 50 метрден нысана көздеуден Азия чемпионатында алтын және күміс медаль жеңіп алды

Олег Носков 50 метрден нысана көздеуден Азия чемпионатында алтын және күміс медаль жеңіп алды

Бүгін Шымкент қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден XVI Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы 2 жүлдемен толықты.

Жасөспірімдер арасында 50 метрден жатып оқ атуда отандасымыз Олег Носков жеңімпаз атанды.

Жекелей сынның жүлдегерлері:
1. Олег Носков (Қазақстан) — 624.1 ұпай
2. Эрхембаяр Батбаяр (Моңғолия) — 622.6 ұпай
3. Ким Тэгён (Оңтүстік Корея) — 618.3 ұпай

Ал командалық сайыста Қазақстан құрамасы 2-орыннан көрінді. Біздің жүлде алған мергендер — Олег Носков, Дмитрий Ким, Ринат Казаченко.

Командалар нәтижесі:
1. Үндістан құрамасы — 1844.3 ұпай
2. Қазақстан — 1843.4 ұпай
3. Оңтүстік Корея — 1840 ұпай

Последние фотографии

Последние видео