Новости

НЫСАНА КӨЗДЕУШІЛЕР ОЛИМПИАДА ҚАЛАШЫҒЫНА ОРНАЛАСТЫ

НЫСАНА КӨЗДЕУШІЛЕР ОЛИМПИАДА ҚАЛАШЫҒЫНА ОРНАЛАСТЫ

Нысана көздеуден Париж Олимпиадасында 27 шілде-5 тамыз күндері аралығында 15 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Осы орайда елімізден ең көп 6 спортшымыз Париж қаласынан 270 шақырым қашықтықта орналасқан Шатору қаласына орналасты. Ал стенд атудан отандастарымыз тек 26 шілде күні ғана Алматы қаласынан ұшады.

📍Нысана көздеу спортында әр Олимпиада сайын спортшылардың саны кеміп жатыр.

🇧🇷Рио Олимпиадасы — 390 спортшы
🇯🇵Токио Олимпиадасы — 360 спортшы
🇨🇵Париж Олимпиадасы — 340 спортшы

Елімізден ең алғаш болып, 28 шілде күні былтырғы әлем чемпионатында 4-орын алған Ислам Сатпаев жарысты бастайды.

Последние фотографии

Последние видео