Новости

Нысана көздеуден әлем чемпионатының алғашқы жүлдесі түсті

Нысана көздеуден әлем чемпионатының алғашқы жүлдесі түсті

Нысана көздеуден Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан 54-ші әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде ел қоржынына қола медаль түсті.

50 метр қашықтықтан үш позицияда кіші калибрлі винтовкамен ату сайысында Александра Ле, Арина Малиновская, Елизавета Безрукова бастаған әйелдер құрамасы қола медальді жеңіп алды.

Жаһандық додада аруларымыз 20 елдің өкілдерімен сынға түсті.

🥇🇨🇳Қытай — 1766-95Х
🥈🇨🇭Швейцария — 1761-98Х
🥉🇰🇿Қазақстан — 1758-81Х

Айта кетейік, Александра Ле бұған дейін 2024 жылы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанған болатын.

Мысырдағы әлем чемпионаты отандастарымыз үшін 15 қарашаға дейін жалғасады.

🗓️6-18 қараша
🇪🇬Каир, Мысыр

🥉🇪🇬 Первая медаль на чемпионате мира по стрельбе

В Каире (Египет) продолжается 54-й чемпионат мира по стрельбе, и в четвертый соревновательный день сборная Казахстана завоевала первую награду – бронзовую медаль.

В стрельбе из малокалиберной винтовки с 50 метров из трёх положений отличилась наша сборная в составе Александры Ле, Арины Малиновской и Елизаветы Безруковой.

В соревнованиях приняли участие стрелки из 20 стран мира.

🏆 Итоги командного зачёта:
🥇 🇨🇳 Китай — 1766-95Х
🥈 🇨🇭 Швейцария — 1761-98Х
🥉 🇰🇿 Казахстан — 1758-81Х

Отметим, что Александра Ле ранее в 2024 году стала бронзовым призёром Олимпийских игр в Париже, и теперь вновь подтвердила свой высокий уровень.

Мировое первенство в Каире продлится до 15 ноября.

🗓️ 6–18 ноября
📍 Каир, Египет

Последние фотографии

Последние видео