Нысана көздеуден Қазақстан Республикасының чемпионаты: Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебі спортшыларының нәтижесі
2026 жылғы 3–10 шілде аралығында Алматы қаласындағы «Алматы» олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының базасында нысана көздеуден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Еліміздің басты біріншілігіне Қазақстанның 8 өңірінен келген 180 үздік мерген қатысып, ел чемпионы атағы үшін бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары жоғары нәтижелер көрсетіп, ұлттық құрама қоржынына 11 жүлде салды. Атап айтсақ, 4 алтын, 2 күміс және 5 қола жүлде.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
🥇 Ислам Сатпаев – ВП-6 жаттығуы (ерлер);
🥇 Александра Ле – ВП-6 жаттығуы (әйелдер);
🥇 Ислам Сатпаев / Александра Ле – ВП MIX;
🥇 Ислам Сатпаев – МВ-5 жаттығуы (ерлер);
🥈 Алина Сатпаева – ВП-6 жаттығуы (әйелдер);
🥈 Бахтияр Ибраев / Александра Садуакасова – ВП-11-ПС;
🥉 Анастасия Григорьева – ВП-6 жаттығуы (әйелдер);
🥉 Константин Малиновский – МВ-5 жаттығуы (ерлер);
🥉 Валерий Рахимжан – ПП-3 жаттығуы (ерлер);
🥉 Александра Ле – МВ-5 жаттығуы (әйелдер);
🥉 Валерий Рахимжан – ПП MIX.
Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебі спортшыларды жоғары жетістіктерімен құттықтап, алдағы республикалық және халықаралық жарыстарда жаңа жеңістер тілейді🇰🇿