Нысана көздеуден Қазақстан құрамасы Азия Кубогында көш бастап тұр 🔥
Таиландтың Бангкок қаласында нысана көздеуден Азия кубогы өтуде. Қазақстан құрамасы 14 медальмен жалпы есепте бірінші орынға шықты 💪
🥇 5 алтын
🥈 6 күміс
🥉 3 қола
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
🥇Қазақстан ерлер құрамасы (Ислам Сәтпаев, Константин Малиновский, Никита Шахторин) – 10 м, пневматикалық винтовка
🥇Қазақстан құрамасы (Константин Малиновский, Елизавета Безрукова) – 10 м, пневматикалық винтовка
🥇Олег Носков – 10 м, пневматикалық винтовка (жасөспірімдер)
🥇 Кирилл Цуканов – 10 м, тапанша (жасөспірімдер)
🥇 Қазақстан ерлер құрамасы (Рамазан Ынтықбай, Кирилл Цуканов, Кирилл Федькин) – 10 м, тапанша
🥈 Ислам Сәтпаев – 10 м, пневматикалық винтовка
🥈 Валерий Рахымжан – 10 м, тапанша
🥈 Қазақстан әйелдер құрамасы (Валерия Попелова, Ирина Юнусметова, Ольга Аксенова)
🥈 Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (Малика Сейіл, Кирилл Федькин) – 10 м, тапанша
🥈 Қазақстан әйелдер құрамасы (жасөспірімдер) – (Малика Сейіл, Сәуле Әлімбек, Кристина Устинова) – 10 м, тапанша
🥈 Қазақстан ерлер құрамасы (жасөспірімдер) – (Ринат Казаченко, Олег Носков, Дмитрий Ким) – 10 м, тапанша
🥉 Александра Ле – 10 м, пневматикалық винтовка
🥉 Қазақстан жасөспірімдер командасы (Олег Носков, Анастасия Григорьева) – 10 м, пневматикалық винтовка
🥉 Кирилл Федькин – 10 м, тапанша (жасөспірімдер)
Биылғы жарысқа 23 елден 320-дан астам спортшы қатысып жатыр. Азия Кубогы 22 ақпанда аяқталады. Жалпы есепте 2-орында 3 алтын медалі бар Сингапур келе жатыр.