Нысана көздеуден аруларымыз кезекті сайыс түрінде сынға түсті💥
ХХ жазғы Азия ойындарында аралас командалық сайыста жылдам атылатын тапаншамен 25 метрден нысана көздеуден іріктеу кезеңі басталды.
Қазақстанның әйелдер командасы командалық есепте 855 ұпай көрсеткішімен 6-орынға тұрақтады.
Ал іріктеу кезеңінде Валерия Попелова 289 ұпаймен 11-орын, Нина Старова 283 ұпаймен 30-орын және Сәуле Әлімбек дәл осындай ұпаймен 32 орынға тұрақтады.
Жарыстың жалғасы ертеңге жоспарланған.
Жалпы XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.
📸Сали Сабиров