Новости

Нысана көздеу: Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев Азия ойындарының финалына шықты💥🇰🇿

Нысана көздеу: Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев Азия ойындарының финалына шықты💥🇰🇿

Бүгін Жапонияның Аичи префектурасында 50 метрден винтовкамен 3 позицияда нысана көздеуден жазғы Азия ойындарының кезекті жүлдесі сарапқа салынып жатыр.

Ерлер арасындағы іріктеу кезеңінде Ұлттық құрама көшбасшысы Ислам Сәтпаев 584 ұпай жинады. Нәтижесінде ол 10-сатыдан ақтық сынға жолдама алды. Қалған спортшыларымыздың нәтижесі:
Константин Малиновский — 13-орын (583 ұпай)
Никита Шахторин — 20-орын (579 ұпай)

Ерлер арасындағы жалпыкомандалық есепте Қазақстан 5-орынға жайғасты.

Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.
.

Пулевая стрельба: бронзовый призёр Олимпиады в Париже Ислам Сатпаев вышел в финал Азиатских игр

Сегодня в префектуре Аичи (Япония) проходит очередной медальный старт XX летних Азиатских игр в стрельбе из винтовки с дистанции 50 метров в упражнении «три положения».

В квалификации среди мужчин лидер сборной Казахстана Ислам Сатпаев набрал 584 очка. По итогам отбора он занял 10-е место и вышел в финал.

Результаты других казахстанских спортсменов:

Константин Малиновский — 13-е место (583 очка);
Никита Шахторин — 20-е место (579 очков).

В общекомандном зачёте среди мужчин сборная Казахстана заняла 5-е место.

Напомним, XX летние Азиатские игры продлятся до 4 октября. В составе национальной сборной Казахстана выступают 558 спортсменов, которые борются за медали в 35 видах спорта.

📸Нұрғали Жұмағазы

Последние фотографии

Последние видео