НЫСАНА КӨЗДЕУ: АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ КЕЗЕКТІ ОЛЖА
Нысана көздеуден 4 жылда бір мәрте өтетін Азия чемпионаты биыл Чханвон (Оңтүстік Корея) қаласында ұйымдастырылып жатыр.
50 метр қашықтықтан винтовкамен жатып атудан ерлер сайысында Константин Малиновский екінші мәрте қатарынан қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды.
Ал дәл осы жаттығудан командалық бәсекеде Константин Малиновский, Ислам Сатпаев, Юрий Юрков та топ жарды.
50 метр қашықтықтан винтовкамен жатып атудан әйелдер сайысында Арина Алтухова күміс жүлдеге ие болды.
50 метр қашықтықтан винтовкамен жатып атудан командалық сайыста Қазақстан құрамасы (Арина Алтухова, Александра Ле, Елизавета Безрукова) 3-орынға тұрақтады.
Ересектерден бөлек, жасөспірімдеріміз де жарыс жолына шығып, 3 күміс,
1 қола жүлде алды.
50 метрден винтовкамен жатып атудан ерлер бәсекесі.
Матвей Тимофеев
50 метрден винтовкамен жатып атудан командалық бәсеке.
Матвей Тимофеев
Ерден Базаров
Руслан Загитов
50 метрден винтовкамен 3 түрлі бағыттан нысана көздеуден командалық сайыс.
София Шульженко
Зере Кимбильева
Софья Малкина
50 метрден винтовкамен жатып атудан командалық бәсеке.
София Шульженко
Софья Малкина
Лилия Гилева
Азия біріншілігі 2 қарашаға дейін жалғасады.