Новости

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ АСХАТ ОРАЛОВ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕНДЕРДІ ӘЛЕМ КУБОГЫНДАҒЫ ТАРИХИ ЖЕҢІСПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жақында Индонезияда өткен оқ атудан Әлем кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты. Естеріңізге сала кетейік, біздің команда медальдық есепте жалпы командалық бірінші орынға ие болып, тарихи нәтижеге қол жеткізді.

Министр қазақстандық мергендердің соңғы жетістіктерін атап өтті, жаттықтырушылар штабына алғысын білдірді, сондай-ақ спортшылар Париждегі Олимпиадада лайықты өнер көрсететініне сенім білдірді.

«Спортшыларымызды және барша қазақстандықтарды осы тарихи жеңіспен құттықтаймын. Еліміз алғаш рет осындай беделді жарыста жалпы медальдық есепте көшбасшы болды. Жасына қарамастан, спортшыларымыз қазіргі Олимпиада чемпиондарымен тең дәрежеде өнер көрсетіп, үлкен жеңіске қол жеткізді. Мен жаттықтырушылар мен мамандардың жұмысын ерекше атап өткім келеді, олардың қызметі сөзсіз маңызды. Қазақстанның оқ атудан ғана емес, стендтік атудан да соңғы жетістіктері ұлттық құраманың Франция Олимпиадасында жақсы нәтиже көрсететініне зор сенім сыйлайды», — деді министр.

Әлем кубогында Қазақстан атынан 15 мерген (9 жігіт және 6 қыз) өнер көрсетті. Спорт шеберлері мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерінен құралған біздің команда үш алтын, бес күміс және үш қола жүлдемен жалпы медальдық есепте бірінші орынды иеленді.

Последние фотографии

Последние видео