Әлемдік мергендер додасы — Алматы облысында!
🏆 Әлемге бағытталған “оқ”
📍 Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы ату клубы базасында стендтік атудан Әлем кубогының рейтингілік кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
🌍 International Shooting Sport Federation қолдауымен ұйымдастырылған байрақты бәсекеге әлемнің 42 елінен 550 спортшы қатысуда.
🎯 Алдағы 9 күн бойы үздік мергендер «Скит», «Трап» және аралас командалық сайыстарда өзара мықтыны анықтайды. Бұл жарыс тек жүлде үшін ғана емес, 2028 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары жолындағы маңызды рейтингтік ұпайлар үшін де ерекше маңызға ие.
Салтанатты ашылу рәсімінің құрметті қонақтары:
▪️ Ербол Мырзабосынов — Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі
▪️ Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев — Алматы облысының әкімі
▪️ Берік Ноғайұлы Асылов — Қазақстан ұлттық спорттық ату федерациясының президенті
▪️ Лучано Росси — International Shooting Sport Federation президенті
▪️ Ақжүрек Достықұлы Таңатаров — Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы
🇰🇿 Қазақстан құрамасы жарысқа ең жоғары квотамен қатысуда. Ел намысын қорғайтын спортшылар қатарында Алматы облысының мақтаныштары — Асем Орынбай мен Лейла Шантекова бар.
✨ Жаңбырлы ауа райына қарамастан, ашылу салтанаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ұлттық рух пен спорттық жігердің үйлесімін көрсетті.
🥇 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 10 мамыр күні өтеді.
https://www.instagram.com/reel/DX56GOnCs4j/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==