ӘЛЕМ КУБОГЫНДАҒЫ БІРІНШІ ЖҮЛДЕ
Оқ атудан Каирде (Египет) өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде 10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен ату сайысында Ирина Юнусметова қола жүлдеге ие болды
Жарыс барысында жерлесіміз 2 дүркін әлем чемпионы Силвиа Штейнер (Аустрия), жастар арасында 4 дүркін әлем чемпионы Ризм Сангван сынды мықты қарсыластардан озып кетті
Ани Коракаки — 241.1 ұпай
Деви Анурадха — 239.9 ұпай
Ирина Юнусметова — 219.2 ұпай
Дәл қазіргі сәтте 22 жастағы отандасымыз 2 түрлі бағдарлама бойынша әлемдік рейтингте бар.
10 метрден тапаншамен ату — 31-орын
25 метрден тапаншамен ату — 33-орын
Бұл Ирина үшін әлем кубогындағы алғашқы жүлде емес. Былтыр Индонезия астанасы Джакартада өткен әлем кубогының кезеңінде жерлесіміз 2 мәрте командалық сайыста 3-орын алған еді.
Айта кетейік, Египетте ұйымдастырылып жатқан бәсекеде әлемнің 66 елінен 678 сұрмерген бақ сынауда.
Жарыс 1 ақпанға дейін жалғасады.