Новости

Константин Малиновский финалда

Константин Малиновский финалда

Мерген Константин Малиновский Мюнхенде өтіп жатқан Әлем Кубогының шешуші кезеңінде финалға шықты.

Ол 50 метрге 3 позицияда винтовкамен нысана көздеудің іріктеуде 593 ұпай жинап, 5-орын алды. Ертең Константин ақтық сында жүлдеге таласатын 8 адамның арасында.

Малиновский кеше алғашқы іріктеу айналымында 585 балға ие болып, 107 спортшының арасынан таңдаулы 70 атлеттің қатарына қосылған.

Константиннің осыған дейінгі Әлем Кубогындағы жекелей сындағы жүлделері:
🥈Джакарта, 2023 жыл — күміс медаль (10 м)
5️⃣Рио-де-Жанейро, 2024 жыл — финалда 5-орын (50 м)

Айта кетейік, Константин былтыр Оңтүстік Кореяда осы жаттығуда (50 метр) Азия чемпионы атанған.

Последние фотографии

Последние видео