Елизавета Безрукова Қазақстан рекордын жаңартты
Шымкент қаласында нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы (2003 және одан кейінгі жылдары туғандар арасы) Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.
Ұлттық құрама спортшысы Елизавета Безрукова 10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден Қазақстан рекордын тіркеді. Ол іріктеу кезеңінде 632.7 ұпай жинады. Екінші сатыға Ұлттық құраманың тағы бір өкілі Александра Ле (630.2 балл) жайғасып, айтарлықтай қарсылық көрсетті.
Бұл бағдарламадағы жассөспірімдер мен ересектер арасындағы осыған дейінгі еліміздің үздік көрсеткішін Елизавета Безрукова (630.9 ұпай) тіркеген.
Айта кетейік, мергендердің ел чемпионаты 16 наурызда мәресіне жетеді. Биыл бәсекеге 10 өңірден 163 спортшы жиналды. Олар барлығы 25 жүлде жиынтығын сарапқа салып жатыр.