Новости

Бүгін Шымкент қаласында нысана көздеуден ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасы аяқталды

Бүгін Шымкент қаласында нысана көздеуден ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасы аяқталды

Бір аптаға созылған бәсекеде 27 бағдарламада жүлде сарапқа салынды. Оның 12-сі жекелей, 12-сі командалық сайыста, қалған 3 медаль жиынтығы аралас жұптар арасында өз иесін тапты. Барлығы Шымкенттегі бәсекеге 9 өңірден 138 спортшы жиналды.

Бүгінгі 2 жүлде жалпы есептегі жеңімпазды анықтап берді. Жылжымалы нысана көздеу мен 10 метрден пневматикалық тапаншамен аралас жұптық сында Алматы қаласы чемпион атанып, жалпы есепте 1-орын алды. Олардың еншісінде 13 алтын, 16 күміс пен 5 қола медаль бар. Ал Шымкент қаласы (13 алтын, 6 күміс, 8 қола) 2-ші болса, үздік үштікті Жамбыл облысы 1 алтын, 4 қоламен түйіндеді.

Еске сала кетейік, 4 жыл бұрын нысана көздеуден V жазғы Спартакиада осы Шымкент қаласында өтіп, жарыс қожайындары топ жарған. Ал жалпы есепте 2-орынды Алматы қаласы алған.

Последние фотографии

Последние видео