АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ ҚАРСАҢЫНДА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
🔷 Бүгін Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының м.а. Қанат Жолдықараев нысана көздеу спортының тир залына арнайы барып, нысанның жұмысымен танысты.
🔷 Жұмыс сапары барысында Қанат Жарылқапұлы тир залының жай-күйін зерделеп, спортшылардың дайындық деңгейіне ерекше назар аударды. Сондай-ақ алда өтетін сары құрлықтың басты додасы – ХХ Азия ойындарына қатысатын спортшылардың жаттығу барысын бақылап, олардың дайындығын одан әрі күшейту қажеттігін атап өтті.
🔷 Кездесу кезінде спортшыларға қолайлы жағдай жасау, жаттығу сапасын арттыру және жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін жүйелі әрі жоспарлы дайындықтың маңыздылығын ерекше атап өтті.
https://www.instagram.com/reel/DYANULeM1rl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==