Новости

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР СТЕНД АТУДАН ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ АЗИЯЛЫҚ РЕКОРДТАРДЫ ЖАҢАРТТЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР СТЕНД АТУДАН ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ АЗИЯЛЫҚ РЕКОРДТАРДЫ ЖАҢАРТТЫ

Қазақстан Республикасының стенд ату ұлттық құрама командасы 2026 жылғы 11-22 қаңтарда Азия чемпионаты «Asian Championships 2026 Shotgun» аясында Катар мемлекетінің Доха қаласында жоғары дайындық деңгейін және кәсіби шеберлігін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы ересектер және жастар арасындағы жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Қатар құрамасы 8 медальмен, ал үшінші орынға Кувейт командасы 7 медальмен шықты.

Чемпионат барысында Қазақстан спортшылары – Эдуард Эщенко, Адель Садақбаева және Элеонора Имбрагимова ерекше көзге түсті. Олар жарыс барысында әлемдік және азиялық рекордтарды жаңартты.

Жалпы, Қазақстан құрамасы 14 медаль жеңіп алды, оның ішінде:
• 5 алтын,
• 4 күміс,
• 5 қола.

Жарысқа 17 елден 196 спортшы қатысты.
Чемпионаттағы ерекше жетістік – үш әлемдік және азиялық рекордтың орнатылуы. Бұл жоғары кәсібилікті ғана емес, сонымен қатар бапкерлік құрамның тиімді және үйлесімді жұмыс істейтінін айқын көрсетеді.

Қазақстан құрамасының чемпионаттағы табысты өнер көрсетуі елімізде стенд атуды дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі және дәйекті жұмыстың нәтижесі болып табылады.

Последние фотографии

Последние видео