Новости

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕНДЕР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 10 МЕДАЛІН ЖЕҢІП АЛДЫ!

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕНДЕР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 10 МЕДАЛІН ЖЕҢІП АЛДЫ!

Қазақстан құрама командасы 10 медаль жеңіп алды, оның ішінде: 4 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль.

НИКИТА ЧИРЮКИН жеке есепте 2 медаль жеңіп алды: «25m standard pistol» жаттығуында ерлер арасында күміс медаль, бұған дейін «25m sport pistol» жаттығуында жасөспірімдер арасында алтын медаль иеленді!

ИРИНА АЛТУХОВА әйелдер арасындағы «50m rifle 3positions» жаттығуының жеке сынақ финалында күміс медаль иеленді!

ИРНАЗАРОВА ФАТИМА жеке есепте 2 медаль жеңіп алды: «10m running target» жаттығуында жасөспірімдер арасында күміс медаль иеленді, сол арқылы жасөспірімдер арасында жаңа әлем рекордын орнатты, «10m running target mixed» жаттығуында алтын медаль иеленді!

ИРНАЗАРОВА ЗУХРА жасөспірімдер арасындағы «10m running target mixed» жаттығуында қола медальға ие болды!

Командалық есепте Қазақстан ерлер құрамасы қозғалыстағы нысанадан 2 медаль жеңіп алды: «10m running target» жаттығуында ерлер арасында күміс медаль, «10m running target mixed» жаттығуында қола медаль, НАЗИРКУЛЬЕВ АСАДБЕК/ЗОТЕЕВ ИЛЬЯ/ ЯКОВЕНКО ДАНИИЛ!

Командалық есепте Қазақстан әйелдер құрамасы қозғалыстағы нысана бойынша «10m running target» және «10m running target mixed» жаттығуларында 2 алтын медальға қол жеткізді.

Әлем чемпионаты 14-25 шілде аралығында Чангвон қаласында (Оңтүстік Корея) өз мәресіне жетті, жарысқа әлемнің 45 елінен 600-ден астам спортшы қатысты. Қазақстанның намысын 12 мықты атқыш қорғаған болатын, спортшылар өз шеберліктерін үш жаттығуында көрсеткен болатын: әйелдер мылтығы, ерлер тапаншасы және қозғалыстағы нысана.

🥇🥈🥉🇰🇿🎊🎉 Құттықтаймыз!

Последние фотографии

Последние видео