ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕН ӘСЕМ ОРЫНБАЙ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСУҒА КВОТАНЫ ЖЕҢІП АЛДЫ (ПАРИЖ — 2024)
Халықаралық спорттық атыс федерациясының (ISSF) олимпиадалық рейтингіне сәйкес қазақстандық спортшы Әсем Орынбай 2023-2024 жылдардағы нәтижелілік қорытындысы бойынша Олимпиадалық квотаға ие болды.
Барлық ISSF рейтингтік турнирлерінде Әсем Орынбай алдыңғы қатарда болған болатын.
Әсем Орынбай — Азия ойындарының үш дүркін жүлдегері, Әлем чемпионаттары мен кубоктарының жүлдегері, Әлем кубогы финалының жеңімпазы, XXXIIІ жазғы Олимпиада ойындарының (Токио-2020) қатысушысы, Алматы облысының өкілі, стенд ату спорт түрінің«скит» жаттығуында өнер көрсетеді.
Еске салайық, Қазақстанның спорттық ату түрінің қоржынында бүгінгі таңда (25.05.2024ж.) 8 олимпиадалық лицензия бар, олардың иегерлері: нысана көздеу бойынша: Ислам Сәтпаев, Константин Малиновский, Никита Чирюкин, Ле Александра, Арина Алтухова; стенд атудан: Мария Дмитриенко, Эдуард Ещенко, Әсем Орынбай.
Естеріңізге сала кетейік, XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Париж қаласында (Франция) өтеді!
Құттықтаймыз!!!