ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕН ЕЩЕНКО ЭДУАРД XXXIII-ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСУҒА ЛИЦЕНЗИЯ ЖЕҢІП АЛДЫ (ФРАНЦИЯ, 2024Ж.)!
Эдуард Ещенко (Алматы облысы) ерлер арасындағы «скит» жаттығуында ақтық сайыста қола медальға қол жеткізіп, төрт жылдық ойындарға қатысуға олимпиадалық квота жеңіп алды!
Еске салайық, 19-29 сәуір аралығында Катарда (Доха қ.) стенд атудан Лицензиялық Финалдық Олимпиада Чемпионаты өтіп жатыр, жарысқа әлемнің 400-ден астам спортшысы қатысуда.
Қазақстан құрама командасын 21 үздік мерген қорғауда.
Стенд атудан ұлттық құрама сапында екі олимпиадалық квота бар, квота иегерлері Мария Дмитриенко мен Эдуард Ещенко.
Құттықтаймыз!!!
#shootingkazakhstan
#стендатуқазақстан
#стендоваястрельбаказахстан