Новости

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТҚЫШТАР МАРОККОДАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ!

Командалық есепте әйелдер арасында «skeet» жаттығуы бойынша Қазақстан құрама командасы  алтын медаль жеңіп алды:
ЗОЯ КРАВЧЕНКО (Шымкент қ.)
Әсем ОРЫНБАЙ (Алматы облысы)
АДЕЛЬ Садақбаева (Астана қ.)
Финалдық есепте спортшыларымыз АҚШ құрамасынан басым түсіп, жеңіске жетті!

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 11-24 қаңтар аралығында Рабат қаласында (Марокко) стенд атудан Әлем Кубогы өтуде. Жарысқа әлемнің 45 елінен 250-ден астам спортшы қатысуда.

Қазақстан атынан 13 спортшы қатысып отыр.
Қазақстан құрама командасы мына жаттығулар бойынша бақ сынайды: skeet, trap.

Құттықтаймыз 🎉🎉🎉!
Мароккодағы Әлем Кубогы-бұл ISSF кестесі бойынша өз рейтингін көтеруге мүмкіндік беретін және Франциядағы 2024 жылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алуға мүмкіндік беретін болады.
Бас серіктестер:
– «Самұрық-Қазына» АҚ @samrukkazyna_official
— «Sport Qory» қолдау қоры @sportqory

Последние фотографии

Последние видео