Новости

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТҚЫШТАР ИНДОНЕЗИЯДАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ӨЗ ШЕБЕРЛІКТЕРІН КӨРСЕТУДЕ!

ПП-микс аралас жаттығуында Қазақстан құрама командасы қола медаль жеңіп алды: ИРИНА ЮНУСМЕТОВА (Шымкент қ.) және Рахымжан ВАЛЕРИЙ (Алматы қ.).
Финалдық есепте спортшылар Кореяның құрама командасын жеңіп, 3-орынға ие болды.

Индонезияда өтіп жатқан Әлем Кубогында бұл екінші медаль, бұдан бұрын Константин МАЛИНОВСКИЙ (Алматы қ.) «пневматикалық мылтық» жаттығуы бойынша табанды күресте Индонезияда Әлем Кубогының күміс медалін жеңіп алды.

Құттықтаймыз 🎉🇰🇿!

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 27 қаңтары мен 7 ақпаны аралығында Индонезияның Джакарта қаласында оқ атудан Әлем Кубогы өтіп жатыр. Оған әлемнің 32 елінен 350-ден астам спортшы қатысуда.

Қазақстан атынан 15 мықты атқыш бақ сынауда.

Индонезиядағы Әлем Кубогы — бұл ISSF кестесі бойынша өз рейтингін көтеруге мүмкіндік беретін және Франциядағы 2024 жылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алуға мүмкіндік беретін рейтингтік турнир.

Бас серіктестер:
– «Самұрық-Қазына» АҚ @samrukkazyna_official
— «Sport Qory» қолдау қоры @sportqory

Последние фотографии

Последние видео