Новости

ҚАЗАҚСТАНДА СТЕНД АТУДАН РЕЙТИНГТІК ӘЛЕМ КУБОГІ !

ҚАЗАҚСТАНДА СТЕНД АТУДАН РЕЙТИНГТІК ӘЛЕМ КУБОГІ !

2026 жылғы 02-11 мамыр аралығында Алматы облысында (Қазақстан Республикасы) Александр Асанов атындағы ату клубында стенд атудан рейтингтік Әлем кубогі өтті.

Жарысқа 42 елден  ресми тұлғалармен 550  қатысушы тіркелді: Австралия, Австрия, Америка Құрама Штаттары, Әзірбайжан, Біріккен Араб Әмірліктері, Венгрия, Германия, Грекия, Грузия, Дания, Египет, Жапония, Жеке бейтарап спортшылар, Индонезия, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Катар, Кипр, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Қытай Тайбэйі, Қытай Халық Республикасы, Люксембург, Мексика, Норвегия, Өзбекстан, Перу, Польша, Португалия, Сауд Арабиясы Корольдігі, Сингапур, Словакия, Словения, Түркия, Украина, Үндістан, Финляндия, Чехия, Эстония.

Стенд атудан Әлем кубогы – бұл Халықаралық спорттық ату федерациясының (ISSF) рейтингілік кестесі бойынша өз рейтингін арттыруға мүмкіндік беретін турнир, сондай-ақ, бұл жарыс 2028 жылы Америка Құрама Штаттарында өтетін XXXIV жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін рейтинг арқылы квота алуға мүмкіндік береді.

Аталған іс-шара келесі ұйымдардың қолдауымен ұйымдастырылуда:
—        Бас серіктес – «Самұрық-Қазына» АҚ; @samrukkazyna_official
—        «Sport Qory» қолдау қоры; @sportqory
—        KAZ Minerals тобы; @kazminerals_official
—        «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы» АҚ; @caepco
—       «Circle Maritime Invest» АҚ;
—        Caspian Offshore Construction ЖШС;
—        Спорттық патрондар  «Fiocchi Munizioni»
—        Спорттық патрондар «RC Cartridges»

Ұйымдастырушы:
—        «Қазақстандық Ұлттық спорттық ату Федерациясы» қоғамдық бірлестігі @kazshooting

https://www.instagram.com/reel/DYZ0NEOz1Y1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Последние фотографии

Последние видео