ҚАЗАҚСТАНДА СТЕНД АТУДАН РЕЙТИНГТІК ӘЛЕМ КУБОГІ БАСТАУ АЛАДЫ!
2026 жылғы 02-11 мамыр аралығында Алматы облысында (Қазақстан Республикасы) Александр Асанов атындағы ату клубында стенд атудан рейтингтік Әлем кубогі басталады.
Жарыстың мақсаттары мен міндеттері:
· XXXIV жазғы Олимпиада ойындарына (АҚШ, 2028 ж.) қатысуға олимпиадалық квота алу үшін спортшылардың рейтингін арттыру;
· Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде ату спортын дамыту және насихаттау;
· спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру;
· жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру.
2026 жылғы 30 наурыздағы жағдай бойынша әлемнің 31 елінен 250 спортшы қатысуға өтінім берді: Австралия, Австрия, Әзірбайжан, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Грузия, Дания, Үндістан, Индонезия, Ирландия, Исландия, Италия, Қазақстан, Канада, Қытай, Қытай Тайбэй, Сауд Арабиясы Корольдігі, Кувейт, Люй ксембург, Норвегия, Перу, Португалия, Сингапур, Словакия, Словения, Америка Құрама Штаттары, Өзбекстан, Финляндия, Чехия, Эстония, Жапония.
Александр Асанов атындағы ату клубы ату спортының үздік спортшыларын жинайды.
Стенд атудан Әлем кубогы – бұл Халықаралық спорттық ату федерациясының (ISSF) рейтингілік кестесі бойынша өз рейтингін арттыруға мүмкіндік беретін турнир, сондай-ақ, бұл жарыс 2028 жылы Америка Құрама Штаттарында өтетін XXXIV жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін рейтинг арқылы квота алуға мүмкіндік береді.
Аталған іс-шара келесі ұйымдардың қолдауымен ұйымдастырылуда:
— Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі;
— Бас серіктес – «Самұрық-Қазына» АҚ; @samrukkazyna_official
— «Sport Qory» қолдау қоры; @sportqory
— KAZ Minerals тобы; @kazminerals_official
— «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы» АҚ; @caepco
— «Circle Maritime Invest» АҚ;
Ұйымдастырушы:
— «Қазақстандық Ұлттық спорттық ату федерациясы» @kazshooting