ҚАЗАҚСТАНДА СПОРТТЫҚ АТУДАН XVI АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ!
2025 жылғы 16-30 тамыз аралығында Шымкент қаласындағы Shymkent Shooting Plaza ату кешенінде спорттық атудан XVI Азия чемпионаты өтеді. Жарыс екі олимпиадалық спорт түрі бойынша өтеді: нысана көздеу және стенд ату.
Чемпионатқа 26 елден 800-ден астам спортшы қатысатынын растады: Бахрейн, Вьетнам, Гонконг, Үндістан, Иран, Индонезия, Қазақстан, Катар, Қытай, Кувейт, Ливан, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Пәкістан, Сауд Арабиясы Корольдігі, Сингапур, Тәжікстан, Тайбэй, Түрікменстан, Өзбекстан, Филиппин, Оңтүстік Корея, Жапония.
Жүлде қоры — 700-ден астам медаль, келесі жаттығулар бойынша, нысана көздеу: пневматикалық тапанша — 10 метр, 25 метр, 50 метр, мылтық 10 метр, 50 метр, қозғалмалы нысана жеке және командалық есепте.
Стенд ату бойынша: трап, скит, скит\микс, трап\микс, дубль-трап – жеке және командалық есепте.
Жас ерекшелігі бойынша санаттар: ерлер, әйелдер, юниорлар, юниориктер, жасөспірім ұлдар, қыздар.
Чемпионаттың мақсаты мен міндеттері:
✔️ Қазақстанда және халықаралық деңгейде спорттық атуды танымал ету;
✔️ Спортшылардың шеберлігін арттыру;
✔️ Рейтингтерді анықтау;
✔️ Жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру.
Шара келесі серіктестердің қолдауымен ұйымдастырылуда:
✔️Бас серіктес — «Самұрык-Қазына ҰӘҚ» АҚ @samrukkazyna_official;
✔️Серіктес — «Sport Qory» спортты қолдау қоры @sportqory;
✔️ KAZ Minerals тобы @kazminerals_official;
✔️«АК Алтыналмас» АҚ @altynalmas.kz;
✔️«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС @kazakhmys.news;
✔️Eurasian Resources Group (ERG) @ergkazakhstan;
✔️«Қазақстан футбол федерациясы» қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі @kff_resmi;
Ұйымдастырушы:
«Қазақстандық спорттық ату федерациясы» ҚБ @kazshooting