Қазақстан құрамасы стенд атудан Алматыда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңіндегі алғашқы медалін жеңіп алды!
Әсем Орынбай жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол әйелдер арасындағы “скит” жаттығуында топ жарды.
Финалда қазақстандық спортшы 33 ұпай жинады. Осы нәтижемен Әсем Орынбай биыл ұлттық құрамадағы әріптесі Адель Садақбаева тіркеген әлем рекордын қайталады.
Қытайлық Итин Цзян 30 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды. Ал Италия өкілі Мартина Бартоломей 27 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, Алматыдағы Әлем кубогы кезеңі 4 мамырда басталды. Жарыс Александр Асанов атындағы ату клубында өтіп жатыр және 11 мамырға дейін жалғасады.
•
🥇Команда Казахстана по стендовой стрельбе отметилась первой медалью на этапе Кубка мира в Алматы!
На первую ступень пьедестала поднялась Асем Орынбай. Спортсменка стала лучшей в дисциплине “скит”.
В финале казахстанка набрала 33 очка. Орынбай повторила мировой рекорд, который в этом году установила ее сокомандница Адель Садакбаева.
Второе место заняла Итин Цзян (Китай) — 30 очков. Итальянка Мартина Бартоломей замкнула тройку лучших (27 очков).
Добавим, что этап Кубка мира в Алматы стартовал вчера, 4 мая. Соревнования проходят в стрелковом клубе имени Александра Асанова и продлятся до 11 мая.