Астаналық спортшы Әлем кубогында алтыннан алқа тақты 🥇
2026 жылдың 19 сәуірінде Египеттің Каир қаласында нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы басталды.
Аталған халықаралық жарыста Астана қаласының спортшысы Цуканов Кирилл жоғары нәтиже көрсетіп, жеке есепте 1-орынға ие болды.
Жарыс 27 сәуірге дейін жалғасады.
Спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз! Сондай-ақ елорда намысын қорғап жатқан басқа да спортшыларымызға сәттілік тілейміз!
https://www.instagram.com/p/DXbsytjl4H7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==