Новости

Александра Ле маусымдағы үздік нәтижені көрсетті

Александра Ле маусымдағы үздік нәтижені көрсетті

Германияның Мюнхен қаласында нысана көздеуден маусымдағы соңғы Әлем Кубогының кезеңі өтіп жатыр.

10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеу:

Ұлттық құрама спортшысы Александра Ле 632 ұпаймен 12-орыннан көрінді. Оның финалға шығуына 0,6 ұпай, ал Қазақстан рекордын тіркеуіне 0,7 ұпай жетпей қалды. Александра биыл наурызда Шымкентте өткен ел чемпионатында тура осыған жақын нәтиже көрсеткен (630.2).

Қазақстан рекордының иесі — Елизавета Безрукова (632.7 балл).

Іріктеу кезеңіндегі әлем рекордын осы сында Ханчжоудағы Азия ойындары мен әлем чемпионатының 3 дүркін жеңімпазы Хуан Ю Тин тіркеді (635.3 балл).
Қалған спортшыларымыздың көрсеткіші:
Елизавета Безрукова — 36-орын (629.3 балл)
Арина Алтухова — 77-орын (626.2 балл)
София Шульженко — 106-орын (622.2 балл)

Әйелдер арасында бұл бағдарламада 148 мерген сынға түсті. Александра — биыл халықаралық жарыстарда әйелдер арасында ең көп ұпай жинаған қазақстандық мерген.

____

В немецком Мюнхене проходит заключительный этап Кубка мира по пулевой стрельбе. Сегодня спортсмены сборной Казахстана выступали в соревнованиях в стрельбе на 10 метров из пневматической винтовки и на 25 метров с пистолета.

В состязаниях среди женщин Александра Ле с 632 баллами заняла 12-е место. Для выхода в финал ей не хватило 0,6 балла, а для установления рекорда Казахстан — 0,7. Отметим, что Александра на прошедшем в марте ЧРК показала аналогичный результат.

Елизавета Безрукова стала 36-й,
Арина Алтухова — 77-й,
София Шульженко — 106-й (из 148 человек).

Всего в данных соревнованиях выступают 612 стрелков из 88 стран.

Последние фотографии

Последние видео