Қазақстандық спорттық ату федерациясының өкілдері Ұлттық Олимпиада комитетінің ордендерімен марапатталды!
Спорттық атудан XVI Азия Чемпионатының салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас директоры -НҰРЛАНА НОГЕРБЕК мына наградаларды табыс етті:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің орденімен Қазақстан Республикасында Олимпиадалық қозғалысты, дене мәдениеті мен спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстандық спорттық ату федерациясы» ҚБ-нің Бас хатшысы — Почивалов Олег Владимирович марапатталады.
Қазақстан Республикасының Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» I дәрежелі Құрмет белгісімен Қазақстан Республикасында Олимпиадалық қозғалысты, дене мәдениеті мен спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының ату спортынан аға жаттықтырушысы
Юнусметов Анвар Садуллаевич марапатталады.
«Қазақстан Республикасының Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» I дәрежелі Құрмет белгісімен 33-жазғы Олимпиада Ойындарының қола жүлдегері — Сатпаев Ислам Назарғожаұлы марапатталады.
«Қазақстан Республикасының Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» I дәрежелі Құрмет белгісімен 33-жазғы Олимпиада Ойындарының қола жүлдегері – Ле Александра Георгиевна марапатталады.
Құрмет грамотасымен
Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің міндеттерін іске асыру және Олимпиадалық қозғалысты қолдау ісіндегі елеулі жетістіктері үшін
Шапран Иван Анатольевич марапатталады.
Құрмет грамотасымен
Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің міндеттерін іске асыру және Олимпиадалық қозғалысты қолдау ісіндегі елеулі жетістіктері үшін
Антоненко Владимир Алексеевич марапатталады.
Құттықтаймыз 🇰🇿!!!
Айта кетейік, Шымкент қаласында 16 мен 30 тамыз аралығында спорттық атудан Азия Чемпионаты өтуде, жарысқа 27 мемлекеттен 800-ден астам спортшы қатысуда!