Валерий Рахымжан Азия чемпионатындағы үздік нәтижесін көрсетті
Бүгін Ұлттық құрама спортшысы Валерий Рахымжан Шымкент қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден XVI Азия чемпионатында 4-орын алды.
Ол 10 метрден пневматикалық тапаншамен оқ атудың финалында 195.1 ұпай жинады.
Валерий бірнеше уақыт бұрын іріктеу кезеңінде 585 балл алып, 2-орынмен ақтық сынға жолдама алған. 26 жастағы отандасымыз осыған дейін Азия чемпионатының финалында бірнеше рет жүлдеге таласып, 5-ші (2024 ж), 6-шы (2023 ж) орыннан көрінген.
Бүгінгі сайыста Кай Ху (Қытай) алтыннан алқа тақса, күміс Сухён Хонда (Оңтүстік Корея). Үздік үштікті Амир Джохариху (Иран) түйіндеді.
Іріктеуге қатысқан тағы бір отандасымыз Эльдар Иманқұлов жалпы есепте 23-ші, Никита Чирюкин 33-ші, Ярослав Махнёв 38-сатыдан көрінді.