Валерий Рахымжан Мюнхендегі әлем кубогының күміс жүлдегері атанды
Нысана көздеуден Германияның Мюнхен қаласында өтіп жатқан әлем кубогында Қазақстан қоржынына бірінші медаль түсті.
💥Тапаншамен 10 метрден оқ ату сайысында Ұлттық құрама спортшысы Валерий Рахимжан күміс медаль жеңіп алды. Ол финалда 241.9 ұпай жинады. Мұнда қытайлық Ху Кай топ жарды (242.3 балл). Үздік үштікті жарыс қожайыны Кристиан Рейтц түйіндеді.
Айта кетейік, іріктеуде Валерий 583 ұпаймен 6-сатыға тұрақтап, ақтық сынға жолдама алған.
🔝Бұл әлем кубогына 78 елден 695 таңдаулы мерген жиналды. Мюнхендегі әлем кубогы дәстүрлі түрде жыл сайын осылай қатысушы мемлекет пен спортшы жағынан рекорд жаңартады. Жарыс 15 маусымда мәресіне жетеді. Қазір Қазақстан қоржынында 1 күміс жүлде бар.
.
🥈Валерий Рахимжан стал серебряным призёром Кубка мира в Мюнхене
Казахстан завоевал первую медаль на Кубке мира по пулевой стрельбе в Мюнхене (Германия).
💥Серебряным призером в стрельбе из пистолета с 10 метров стал Валерий Рахимжан. В финале он набрал 241,9 очка. Победу одержал китайский стрелок Ху Кай с результатом 242,3. Третье место занял немецкий спортсмен Кристиан Рейтц.
Отметим, что в квалификации Валерий набрав 583 очка занял 6-место. Этот результат позволил ему отобраться в финал.
🔝В Кубке мира принимают участие 695 сильнейших стрелков из 78 стран. Мюнхенский этап Кубка мира традиционно обновляет рекорды по количеству участников и стран. Соревнования завершатся 15 июня. На данный момент в копилке сборной Казахстана 1 серебряная медаль.