НЫСАНА КӨЗДЕУ: АЛЕКСАНДРА ЛЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕКОРДЫН ҚАЙТАЛАДЫ
10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеу сайысында отандасымыз Александра Ле 6-орынмен аяқтады.
Финалдық сайыста жүлде бұйырмаса да, Александра Ле 5 дүркін Әлем чемпионы Дженат Хегг (Норвегия), 3 дүркін Әлем чемпионы Рамита Жиндалдан (Үндістан) басып озды💪
⏳🇨🇳Бұған дейін 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында дәл осындай үздік көрсеткішке қазіргі ұлттық құраманың бас бапкері Ольга Довгун қол жеткізген болатын👏
Естеріңізге сала кетейік, Александра Ле бұған дейін аралас жұптық сайыста Ислам Сатпаевпен бірге Париж Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алған еді.