Новости

ПАРИЖДЕГІ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ МЕДАЛІН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕНДЕР ЖЕҢІП АЛДЫ!

ПАРИЖДЕГІ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ МЕДАЛІН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕНДЕР ЖЕҢІП АЛДЫ!

«ВП-МИКС» аралас жаттығуында Қазақстан құрамасы қола медальға ие болды, команда құрамында ИСЛАМ САТПАЕВ пен ЛЕ АЛЕКСАНДРА !

Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысқан Ислам Сатпаев пен Александра Ле 630,1 балл жинап, Германия құрамасын (Анна Янсен, Максимилиан Ульбрих) жеңіп алды.

Ислам мен Александра дуэті — былтыр Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарының қола жүлдегерлері.

Ле Александра мен Ислам Сатпаев Алматы қаласының өкілдері!

Еске салайық, XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылдың 25 шілдесінен 05 тамызына дейін Париж қаласында (Франция) өтуде, оқ ату бойынша әлемнің 82 елінен 500-ден астам мықты мергендер қатысуда!

Ату спорт түрінен Қазақстан құрама командасыннан алғаш рет 9 спортшы қатысуда , олардың 6-уы оқ атудан: Ислам Сатпаев, Ле Александра, Арина Алтухова, Ирина Юнусметова, Никита Чирюкин; стенд атудан: Мария Дмитриенко, Эдуард Ещенко және Әсем Орынбай!

Құттықтаймыз🥉🇰🇿🎉!!!

Олимпиадада қола жүлде жеңіп алған қазақ спортшылары, сондай-ақ олардың бапкерлері мемлекеттен 75 мың АҚШ долларынан алады. Ал алтын үшін 250 мың, күміске 150 мың доллар қарастырылған.

Последние фотографии

Последние видео