Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау орталығында нысана көздеуден ұлттық құрама спортшылары Париж Олимпиадасы алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, дайындықтарын тағы бір мәрте пысықтап алды.
Спортшыларымызды Франция астанасына шығарып салу рәсімі барысында мергендердің жаттығуына арнайы барып, дайындықтарын көріп қайттым. Спортшылармен, жаттықтырушылармен тілдесіп, алдағы байрақты бәсекеге сәттілік тіледім.
Олимпадада нысана көздеуден ел намысын алты спортшы қорғайды. Спортшылардың бәрі халықаралық жарыстарда оза шауып, өз мықтылықтарын дәлелдеген. Енді оларға осы күнге дейін жиған шеберліктерінің, тәжірибелерінің арқасында намысты қолдан бермей, ел үмітін ақтау ғана қалды.
Нысана көздеуден ұлттық құрама өкілдерді Париж төрінде ел намысы үшін аянып қалмай, жанкүйерлерді жүлделермен қуантады деген үміттемін.
*****
В Центре олимпийской подготовки в Алматинской области спортсмены национальной сборной провели последние учебно-тренировочные сборы перед Олимпиадой в Париже, еще раз отработали свои навыки и показали боевую готовность.
Перед официальной поездкой в столицу Франции специально посетил тренировки спортсменов и увидел их подготовку. Пообщался со спортсменами, тренерами, пожелал удачи в предстоящих Олимпийских играх.
На Олимпиаде честь страны по пулевой стрельбе будут защищать шесть спортсменов. Все спортсмены преуспели в международных соревнованиях и показали свой профессионализм. Теперь им остается только оправдать ожидания болельщиков и достойно защитить честь страны на мировой арене.
Надеюсь, что национальная сборная по пулевой стрельбе порадует казахстанцев призовыми местами.