Новости

Соңғы лицензиялық жарысқа баратын мергендер белгілі болды

Соңғы лицензиялық жарысқа баратын мергендер белгілі болды

31 мамыр мен 7 маусым аралығында Германия Федеративтік Республикасының Мюнхен қаласында өтетін нысана көздеуден Әлем Кубогының кезеңінде сынға түсетін Ұлттық құрама мергендері анықталды.

Команда құрамы:
Ислам Сатпаев, Александра ⁠Ле, Арина Алтухова, Константин ⁠Малиновский, Никита ⁠Шахторин, Елизавета Безрукова, София Шульженко, Матвей Тимофеев (винтовка);

Кирилл ⁠Цуканов, Малика Сейіл, Никита Чирюкин, Эльдар Иманқұлов, Валерия Попелова, Валерий Рахимжан, Ирина Юнусметова, Анастасия Глущенко, Руслан Юнусметов (тапанша);

Қазір Ұлттық құрама Алматы облысында ашылған Олимпиадаға даярлау орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

«Бұл кезеңді біз Париж Олимпиадасына дайындықтың бір бөлігі ретінде қарастырып отырмыз. Осы арқылы лицензия алған спортшыларымыздың бабын ұстап тұрып, кез келген жағдайға дайындап жатырмыз. Қазір бәрі жоспарға сай. Мюнхенге, әрине, жүлде алуды көздеп барамыз. Бұған біздің барлық мүмкіндігіміз бар. Кем дегенде, әр бағдарламада спортшыларымыз финалға шығуы керек»,-деп айтты Ольга Довгун.

Сөз арасында бас бапкер жаңа орталықта командалар үшін барлық жағдай жасалғанын тілге тиек етті.

«Қазір жаңадан ашылған Олимпиадаға даярлау орталығында алғаш рет дайындығымызды пысықтап жатырмыз. База өте керемет. Бұл бүкіл Қазақстан бойынша біз толыққанды жаттыға алатын кешен. Орталықтағы керек-жарақтар барлық халықаралық талапқа сай келеді. Шыны керек, ірі жарыстарда тұрақты медаль алу үшін осындай база қажет»,-деп айтты.
Айта кетейік, Мюнхендегі Әлем Кубогы кезеңінің кейін Олимпиадалық рейтинг шығады. Сол кезде Халықаралық нысана көздеу федерациясы Париждегі ойындарға баратын соңғы квоталарды үлестіреді.

Последние фотографии

Последние видео