Новости

ШЫМКЕНТТЕ СТЕНД АТУ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ VI-ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫ/ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ!

ШЫМКЕНТТЕ СТЕНД АТУ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ VI-ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫ/ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ!

2023 жылғы 24-30 шілде аралығында Шымкент қаласында «Shymkent Shooting Plaza» ату кешенінде Стенд атудан Қазақстан Республикасының VI-жазғы Спартакиадасы/ Жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтуде, жарысқа Қазақстанның 6 өңірінен: Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, Алматы, Қызылорда және Павлодар облыстарынан 100-ден астам спортшы қатысуда.

Спортшылар 8 жаттығу бойынша бақ сынайды:
4 жаттығу жеке сынақ-дөңгелек стенд, траншеялы стенд, спортинг және дубль-трап;
2 жаттығу командалық сынақ-траншеялық стенд, дөңгелек стенд;
2 аралас жаттығулар — «скит/микс», «трап/микс».

Стенд атудан Қазақстан Республикасының VI-жазғы спартакиадасында спортшылар ерлер мен әйелдер санаттарында жарысады.

Стенд атудан Қазақстан Республикасының чемпионатында жасөспірімдер, қыздар санаттарында сайысқа түседі.
24 медаль жиынтығы ойнатылады.

Жоғары жетістіктер мен нәтижелер тілейміз!

Генеральные партнёры:
—  АО «Самрук – Казына» @samrukkazyna_official
—  Фонд поддержки «Sport Qory» @sportqory

Последние фотографии

Последние видео