Новости

ҚАЗАҚСТАН СТЕНД АТУДАН ӘЛЕМ КУБОГІН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ!

ҚАЗАҚСТАН СТЕНД АТУДАН ӘЛЕМ КУБОГІН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ!

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫ СТЕНД АТУДАН ӘЛЕМ КУБОГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ!

OРЫНБАЙ АСЕМ (Алматы облысы) әйелдер арасындағы «skeet» жаттығуында ақтық сынында алтын медальға қол жеткізді, күміс жүлдеге Үндістан өкілі SEKHON Ganemat қол жеткізді, қола медальға Үндістан өкілі RATHORE Darshna ие болды!

Айта кетейік, 2023 жылғы 20-29 мамыр аралығында Алматы облысында (Қазақстан Республикасы) Александр Асанов атындағы ату клубында стенд атудан рейтингтік лицензиялық Әлем Кубогі өтуде.

Қазақстанның намысын 20 мықты спортшы қорғауда, олардың ішінде Олимпиада ойындарының қатысушысы,Азия ойындарының қола жүлдегері, Әлем Кубогінің жүлдегері атанған — Мария Дмитриенко; Әлем чемпионатының жүлдегері — Орынбай Әсем; Дүниежүзілік Универсиаданың күміс жүлдегері, Әлем Кубогінің жүлдегері  — Зоя Кравченко; Әлем Кубогі мен Әлем чемпионатының жүлдегері атанған — Эдуард Ещенко  және халықаралық пьедесталды бірнеше рет бағындырған басқа да спортшылар Қазақстан құрама сапында бар.

Жарысқа әлемнің 42 елінен  350-ден астам мықты спортшы қатысуда.

Құттықтаймыз 🥇🇰🇿🎉!

@madeniet_sport_ministrligi
@samruk_kazyna_trust
@sportqory
@kazminerals_official
@bankrbk
@drs_kz
@akimat_almaty
@almatysport2023
@almobl_akimat
@almaty_oblysy_sport
@kazshooting
@issf_official

Последние фотографии

Последние видео