Новости

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫҚ АТУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ V АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАРА ОҚ АТУДАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ!

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫҚ АТУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ V АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАРА ОҚ АТУДАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ!

Қазақстандық Ұлттық спорттық ату Федерациясының бас хатшысы Олег Владимирович Почивалов пара оқ атудан Қазақстан ұлттық құрама командасымен кездесу өткізді. Кездесуде алдағы халықаралық жарыстарға дайындық, спорттық қарумен қамтамасыз ету және спортшыларды толғандыратын өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында Олег Почивалов құрама команда мүшелерінің мәселелері мен ұсыныстарын тыңдап, жаттығу үдерісінің жағдайы және команданың қажеттіліктері жөнінде пікір алмасты. Пара оқ ату спортымен айналысуға және спортшыларды даярлауға қажетті жағдайлар жасалған. Қазіргі уақытта материалдық-техникалық базаны нығайту және құрама команданы спорттық керек-жарақтармен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

Спорттық қару-жарақты жаңартуға ерекше назар аударылды. Федерацияның бас хатшысы сатып алынған спорттық мылтықтар мен тапаншалар туралы айтып, олардың спортшыларға жаттығу сабақтарында және жарыстарға қатысу кезінде пайдалану үшін берілетінін жеткізді.

Кездесу барысында Олег Почивалов спортшыларға қолдау білдіріп, V Азия Пара ойындарында сәтті өнер көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізулеріне тілектестік білдірді.
V Азия Пара ойындары 2026 жылғы 18-24 қазан аралығында Жапонияның Аити-Нагоя қаласында өтеді. Жарыс бағдарламасына 18 спорт түрі енгізілген, олардың қатарында пара оқ ату да бар.

Қазақстанның пара оқ атудан ұлттық құрама командасының намысын он екі спортшы қорғайды.

БАС СЕРІКТЕС — «Самұрық-Қазына» АҚ: @samrukkazyna_official

Спортты қолдау қоры — «Sport Qory»: @sportqory

Қазақстандық Ұлттық спорттық ату Федерациясы пара оқ атуды дамытуға және қазақстандық спортшыларды қолдауға қосқан елеулі үлесі үшін «Sport Qory» спортты қолдау қорына алғыс білдіреді.

https://www.instagram.com/reels/DebahRUo7SY/

Последние фотографии

Последние видео