Новости

Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында стенд атудан әйелдер арасындағы жарыс аяқталды.

Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында стенд атудан әйелдер арасындағы жарыс аяқталды.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Әсем Орынбай финалда 28 ұпай жинап, 🥉 үшінші орынға ие болды.

Алтын медаль Қытай спортшысына бұйырса, күмісті Таиланд өкілі иеленді.

Қазақстанның тағы бір спортшысы Зоя Пискун алтыншы орын алды.

Айта кетейік, Әсем Орынбай 2022 жылғы Ханчжоу Азия ойындарында екі алтын және бір қола медаль жеңіп алған болатын.

XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.

📸 Сали Сабиров

Последние фотографии

Последние видео